A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Суармалы егIстIктI алқаптардың суарылмайтын түрIне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
7-қосымша

"Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғам (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация)

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар пакетi тапсырылған күннен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн ең ұзақ жол берiлетiн кезек күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) ең ұзақ жол берiлетiн қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минут.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi бекiтiлген жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсi не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен, сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық кезек" тәртiбiнде көрсетiледi, жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорын есептеген жер учаскесiнiң бағалау құнын айқындау актiсi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электронды үкiмет" шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге — өтiнiш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияға — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттi өкiлi) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға арналған негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi Министрлiк басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй мекенжайы бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады;

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен", көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Портал арқылы өтiнiш берген жағдайда шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы оны өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414.

"Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 24 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017 17:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2018 12:10
Қаралым саны: 5605

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz