AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Суармалы егIстIктI алқаптардың суарылмайтын түрIне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
7-қосымша

"Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 30.01.2019 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiнiң аяқталуына бiр күн қалғанда бередi.

3) қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бекiтiлген жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз, "электрондық кезек" тәртiбiмен көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар, Мемлекеттiк корпорацияға мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiтуге өтiнiш;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттiк корпорация филиалымен есептелген жер учаскесiнiң бағалау құнын айқындау актiсi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан талап етуге жол берiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкiлеттi өкiлiне, нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаға) дайын құжаттарды беру жеке куәлiк көрсетiлген кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация осы Стандарқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

12. Министрлiктiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен күнi көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап почта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

14. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгiну жолымен Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Мемлекеттiк корпорацияның ғимараты мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.moa.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 23 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.01.2017 17:04
Мақаланы жаңартқан күні 07.03.2019 09:52
Қаралым саны: 6811
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы