A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекIту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру
жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғам (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар пакетi тапсырылған күннен бастап, порталға жүгiнген кезде — 7 (жетi) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қатыстырудан дәлелдi жазбаша бас тарту бередi.

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — бекiтiлген жер учаскесiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобасы (бұдан әрi — бұйрық).

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу үшiн қағаз жеткiзгiште жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, кестеге сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық кезек» тәртiбiнде көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

3) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлген қзметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi):

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

3) жерге орналастыру жобасы;

4) мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесi сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлiгi инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжат;

порталға:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтiнiш;

2) жерге орналастыру жобасының электрондық көшiрмесi;

3) мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ көлiгi инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскесi сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлiгi инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi, көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге — өтiнiш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияға — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

порталда — «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттi өкiлi) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi Министрлiк басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй мекенжайы бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады;

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен», көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Портал арқылы өтiнiш берген жағдайда шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414.

«Жер учаскелерiн қалыптастыру
жөнiнде жерге орналастыру
жобаларын бекiту» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша

Жер қатынастары бойынша уәкiлеттi
органның басшысы

_________________________________________

(уәкiлеттi органның атауы)

_________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

_________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

_________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

________________________________________

(ЖСН (БСН), жеке немесе заңды тұлғаның жеке

_________________________________________

басын куәландыратын құжаттардың

_________________________________________

деректемелерi, байланыс телефоны,

_________________________________________

мекенжайы)

Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобасын бекiтуге өтiнiш

ерге орналастыру жобасын әзірлеуші - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы Жерге орналастыру жобасының атауы Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері) Жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсаты және ауданы, га Жерге орналастыру жобасы даналарының саны Төмен тұрған ЖАО шешімі, нөмірі және күні
1 2 3 4 5 6 7
             

 

 Жерге орналастыру жобасы мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттiсiнiң астын сызу) әзiрлендi.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм беремiн.

Күнi __________ Өтiнiш берушi________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның не

__________________________________

уәкiлеттi тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты,

_________________________________

қолы)

«Жер учаскелерiн қалыптастыру
жөнiнде жерге орналастыру
жобаларын бекiту» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша

нысан

_________________________________________

(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетiлетiн

__________________________________

қызметтi алушы ұйымның атауы көрсетiлетiн

__________________________________

қызметтi алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлiмi (мекенжайын көрсету) Сiздiң «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:

1) ___________________________________________________________;

2) ___________________________________________________________;

3) ___________________________________________________________.

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден 2 данада жасалды.

_______________________________________________________________ (Мемлекеттiк корпорациясы қызметкерiнiң Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________

Телефон________________________________________________________

Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

«___» _________ 20__ ж.

 

Жүктеу (HTML 38 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017 16:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:13
Қаралым саны: 2181

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz