AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекIту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
9-қосымша

"Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 30.01.2019 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күнге дейiн;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын бередi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң барынша жол берiлетiн уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, қажет болған жағдайда, басып шығарылады, сондай-ақ мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен расталады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электрондық кезек" тәртiбiмен көрсетiледi;

3) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар Мемлекеттiк корпорацияға не көрсетiлетiн қызметтi берушiге және порталға мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

3) жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн өтеусiз берiлген жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсi.

Порталға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге электрондық өтiнiш;

2) жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн өтеусiз берiлген жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсiнiң электрондық көшiрмесi.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы, дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын, жер учаскесiне арналған құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттарын растайтын, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын оның көшiрмесiнде өтiнiштi қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi растайды;

Мемлекеттiк корпорацияға тапсырған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

порталға тапсырған кезде — "жеке кабинетке" мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша оның өкiлiне) дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат көрсетiлген кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн келiсу туралы сұранымға сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның терiс жауабы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

12. Министрлiктiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен күнi көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келiп түскен шағымның Мемлекеттiк корпорацияда қабылданғанын оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) растайды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде, шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация және көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

14. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды бiрыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгiну жолымен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және Мемлекеттiк корпорацияның ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.moa.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

17. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

18. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 24 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.01.2017 16:14
Мақаланы жаңартқан күні 07.03.2019 09:41
Қаралым саны: 3280
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы