A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкенiң, ауылдың, ауылдық округтiң жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғам (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға немесе порталға құжаттар пакетi тапсырылған күннен бастап — 30 (отыз) күнтiзбелiк күнге дейiн;

көрсетiлген қызметтi берушi көрсетiлген қызметтi алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтердi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қатыстырудан дәлелдi жазбаша бас тарту бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында жiберiледi.

Қағаз жеткiзгiште шешiм беру туралы қаулыны алуға жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн.

Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық кезек» тәртiбiнде көрсетiледi, жер учаскесiнiң тұрған жерi бойынша, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады;

3) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлген қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не: заңды тұлғаның өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенiмхат бойынша уәкiлеттi өкiлi):

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

3) жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының актiсi;

порталға:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтiнiм;

2) жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының актiсi — құжаттың электрондық көшiрмесi.

Жеке басты куәландыру құжаты туралы мәлiметтердi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, жер учаскесiне сәйкестендiру және құқық белгiлеу құжаты туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi және (немесе) Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын растау оның көшiрмесiнде құжаттар пакетiн қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияға — көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi;

порталға — «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның өкiлеттi өкiлi) ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженi сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлген қызметтi берушiнiң басшысының атына мына Министрлiктiң мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе оған iлеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО-ның қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келiп түскен шағымды ХҚКО кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген жағдайда шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы оны өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшiн — оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшiн — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚКО-ның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚКО-ның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы оны өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi Министрлiк басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй мекенжайы бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркелген күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады;

Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен», көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Портал арқылы өтiнiш берген жағдайда шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшiн — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшiн — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық түрде жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Тiршiлiк әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарын қабылдауды Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерге барып жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414.

«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын
өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша

______________(облыс, қала, аудан әкiмiне)

(облыс, қала)

_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

кiмнен _______________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

_______________________________________

не заңды тұлғаның

_______________________________________

толық атауы)

ЖСН (БСН)______________________________

_______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын

куәландыратын

_______________________________________

құжаттың деректемелерi,

_______________________________________

байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге өтiнiш

Сiзден маған жеке меншiк (жер пайдалану құқығындағы тиесiлi) ________________________________________________________________________________мекенжайында орналасқан, ауданы ____________ га, кадастрлық нөмiрi_________________________, жер учаскесiнiң пайдалану _____________________________________________________________нысаналы

мақсатынан___________________________________________________нысаналы

мақсатына____________________________________________________________

(жер учаскесiнiң көлемiн көрсете отырып, оның нысаналы

мақсатын өзгерту қажеттiлiгiнiң себебiн көрсету)

байланысты өзгертудi сұраймын.

Құықығын растайтын құжаттың № ________, берiлген күнi «_____»______ ________ жылғы,

Сәйкестендiру құжатының № ______ берiлген күнi «_________» _________ ________жылғы.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәлiметтердi пайдалануға келiсiм беремiн.

Күнi __________ Өтiнiш берушi________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның не

_________________________________

уәкiлеттi тұлғаның тегi, аты,

әкесiнiң аты,

_________________________________

қолы)

«Жер учаскесiнiң нысаналы
мақсатын өзгертуге шешiм
беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша

нысан

_________________________________________

(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетiлетiн

__________________________________

қызметтi алушы ұйымның атауы көрсетiлетiн

__________________________________

қызметтi алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлiмi (мекенжайын көрсету) Сiздiң «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:

1) ___________________________________________________________;

2) ___________________________________________________________;

3) ___________________________________________________________.

«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден 2 данада жасалды.

_______________________________________________________________

(Мемлекеттiк корпорациясы қызметкерiнiң Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________

Телефон________________________________________________________

Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

«___» _________ 20__ ж.

 

Жүктеу (HTML 41 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017 16:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 11:14
Қаралым саны: 1696

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz