Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
17-қосымша

"Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 30.01.2019 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу үшiн кезектегi барынша жол берiлетiн уақыт — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру туралы шешiмi не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәждi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлген қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз тасығышта алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделедi, қажет болған жағдайда, басып шығарылады, сондай-ақ мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен расталады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi — жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар, мыналарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн);

3) келiсушi ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;

4) суармалы егiстiктен алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру көзделетiн жерлердiң экспликациясы;

5) келiсушi мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң және осы жерлердiң барлық мүдделi уәкiлеттi жер пайдаланушыларының (иелерiнiң) өкiлдерi қол қойған, суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделетiн суармалы жерлердiң орналасқан жерiн, олардың алаңын, пайдаланылу түрiн, ауыстыру себебiн көрсете отырып, далалық зерттеп-қарау актiсi және трансформациялануға жататын анықталған суармалы жерлердi көрсете отырып, далалық зерттеп-қарау сызбасы;

6) суарылмайтын жерлерге ауыстырылуға жататын суармалы жерлердiң сапалық сипаттамасы;

7) жалпы теңгерiмдiк құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негiзгi мелиорациялық қорлардың одан әрi пайдалануға жарамсыздығы туралы актiнi қоса бере отырып, суландыру желiсiнiң техникалық жай-күйi туралы мәлiметтер.

Порталға:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтiнiш;

2) келiсушi ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсiндiрме жазбаның электрондық көшiрмесi;

3) суармалы егiстiктен алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру көзделетiн жерлер экспликациясының электрондық көшiрмесi;

4) келiсушi мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң және осы жерлердiң барлық мүдделi уәкiлеттi жер пайдаланушыларының (иелерiнiң) өкiлдерi қол қойған, суарылмайтын жерлерге ауыстыру көзделетiн суармалы жерлердiң орналасқан жерiн, олардың алаңын, пайдаланылу түрiн, ауыстыру себебiн көрсете отырып, далалық зерттеп-қарау актiсiнiң және трансформациялануға жататын анықталған суармалы жерлердi көрсете отырып, далалық зерттеп-қарау сызбасының электрондық көшiрмелерi;

5) суарылмайтын жерлерге ауыстырылуға жататын суармалы жерлердiң сапалық сипаттамасының электрондық көшiрмесi;

6) жалпы теңгерiмдiк құны мен тозу сомасын көрсете отырып, негiзгi мелиорациялық қорлардың одан әрi пайдалануға жарамсыздығы туралы актiнi қоса бере отырып, суландыру желiсiнiң техникалық жай-күйi туралы мәлiметтердiң электрондық көшiрмесi.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы, не жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын растайтын дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны, жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаты туралы, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — өтiнiштiң қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп, кеңседе тiркелгенi туралы оның көшiрмесiндегi белгi қағаз жеткiзгiштегi өтiнiмнiң қабылданғанын растайды.

порталға тапсырған кезде — "жеке кабинетке" мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама жiберiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) келiсу туралы сұранымға ауыл, су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның терiс жауабы;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Министрлiктiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен күнi көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде;

2) порталда орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 22 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.01.2017 16:26
Мақаланы жаңартқан күні 07.03.2019 09:48
Қаралым саны: 3074
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы