A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары —
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 25 бұйрығына
5-қосымша

"Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын (бұдан әрi — Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) барынша жол берiлетiн қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiн жалға алу шарты не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тарту.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi), оның iшiнде жеңiлдiктерi бар адамдар көрсетiлетiн қызметтi берушiге бiр данада мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасуға арналған өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендiру үшiн).

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу), дара кәсiпкердi тiркеу туралы не дара кәсiпкер ретiнде қызметiнiң басталғаны туралы, жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын, жер учаскесiне арналған құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттарын растайтын, жер учаскесiне ауыртпалықтың жоқ екенi туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезде — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын оның көшiрмесiндегi өтiнiштi қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, кеңседе тiркелгенi туралы белгi растайды.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттiк органның, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Министрлiктiң, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына жұмыс күндерi осы Стандарттың 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қояды.

Портал арқылы жүгiнген кезде, шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почтамен, портал арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыларға күту мен қажеттi құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ғимараттары мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустары бар кiреберiспен жабдықталған болады.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары" — "Жергiлiктi атқарушы органдар" кiшi бөлiмiнде орналасқан.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинетi", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

"Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 21 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2019 17:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2019 17:43
Қаралым саны: 419

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz