Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

Ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 98 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру (трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негiзделедi.

Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiмi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге негiз бола алады.

Суарылмайтын егiстiктi неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының түрiне ауыстыру бойынша және неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым бағасы жоғары алқаптарғаауыстырутуралы шешiмдi аудандық (қалалық) атқарушы орган қабылдайды.

суармалар егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру бойынша шешiм облыстық атқарушы орган қабылдайды. Осы құзырет, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттiк қызмет болып табылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. «Жер қатынастары саласында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығына сәйкес сонымен қатар мемлекеттiк қызмет болып табылады.

Жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстыруға:

егiстiк үшiн — жердiң агроөндiрiстiк топырақ сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуi, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейi;

көп жылдық екпелер үшiн — екпелердiң шектi жасы, олардың сиреуi, жердiң кен құрамының жұтаңдығы, қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы;

шабындықтар үшiн — жердiң шөлейттенуi, шалғындық өсiмдiктердiң сиреуi, жердiң мелиорациялық күйiнiң нашарлауы;

жайылымдар үшiн — тапталып бүлiнуi негiз болып табылады.

Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыстыру кезiнде жоғарыда санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал жайылма суармалы жер үшiн — су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi ескерiледi.

Мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттардың толық тiзiмi жоғарыда көрсетiлген стандарттармен белгiленедi.

Ақмола облысы
жер қатынастары басқармасының
бөлiм басшысының м.а.
А. Әбдiрахманова

Мақаланы құрған күні 29.08.2018 15:25
Мақаланы жаңартқан күні 29.08.2018 15:25
Қаралым саны: 1314
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы