A- A A+
Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы
Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін сервитуттар белгілеу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 126-VI ҚРЗ Заңымен ҚР Жер кодексiне бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Ол өзгерiстер 2018 жылғы 28 маусымда заң күшiне ендi.

Енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес ҚР Жер кодексiндегi 71-бабының күшi (жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану) пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезiнде iздестiру жұмыстарын жүргiзуге қолданылмайды.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексi 71-1-бабымен толықтырылды, соған сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жерде, мұндай жердi меншiкке немесе жер пайдалануға алмай, жария сервитут негiзiнде жүргiзе алады.

Аудандық атқарушы органның құзыретi геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жария сервитуттарды белгiлеу функциясымен толықтырылды.

Яғни, пайдалы қазбаларды барлау жүргiзу құқығы жер қойнауын пайдалану (барлау) мақсатында сервитут белгiлеу туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен ресiмделедi, оған жер қойнауын пайдаланушы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға тиiстi өтiнiш беруi керек.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жария сервитуттарды белгiлеу мемлекеттiк қызмет болып саналмайды.

Мақаланың шыққан күні: 12.08.2019 15:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.08.2019 15:12
Қаралым саны: 411

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

land@aqmola.gov.kz