A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
«Мемлекеттік меншікте болатын, сауда-саттықты (конкустарды, аукциондарды) өткізуді қажет етпейтін жер учаскелеріне құқықтар алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жаңа Регламенті бекітілген

Мемлекеттiк қызметтер — халықтың билiк органдарымен өзара iс-қимылдың маңызды нысаны болатыны күмән тудырмайды. Мемлекеттiк қызметтер барлық азаматтарға және ұйымдарға қойылатын бiрыңғай талаптары негiзiнде көрсетiледi, тиiсiнше барлық мемлекеттiк қызмет алушылардың оларды алу үшiн тең құқықтары бар.

Бүгiнгi күнi жер қатынастары жөнiндегi облыстық және аудандық атқарушы органдарымен, кенттер мен ауылдық округтер әкiмдерiмен көрсетiлетiн бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жалпы саны 8 стандарт құрайды.

Қолданысқа енгiзiлген мемлекеттiк қызметтердiң Стандарттарының соңғы бiрi «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) жүргiзудi қажет етпейтiн мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу» Стандарты болып табылады.

Жоғарыда аталған Стандартын iске асыру мақсатында Ақмола облысы әкiмдiгiмен 2016 жылғы 01 шiлдедегi № А-8/331 қаулысымен осы мемлекеттiк қызметтiң Регламентi бекiтiлген.

Мемлекеттiк қызмет облыстағы жергiлiктi атқарушы органдарымен , Астана және Алматы қалаларымен, аудандар, облыстық маңызы бар қалалармен, аудандық маңызы бар қалалармен, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердiң әкiмдерiмен көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi (немесе уәкiлеттi өкiлдiң; өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның):

1) мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн талап етiледi).

Жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы (қайта тiркеу), заңды тұлға туралы мәлiметтер көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiметтiң" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезiнде өтiнiштiң қабылданғанын растау оның құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып кеңсесiнде тiркеу туралы көшiрмесiнде белгiлеу болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады:

1) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тiзiлiмiнде тұрған кезде;

2) егер көрсетiлетiн қызметтi алушы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар пакетi толық ұсынылмаған кезде;

Осы мемлекеттiк қызметiн алу үшiн мудделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскенiң орналасқан орнына байланысты сәйкес әкiмдiгiнiң немесе селолық округi (кентi) әкiмi аппаратының кеңсесiне жолдауына мүмкiн.

 

Жүктеу (HTML 7 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2017 10:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2017 10:52
Қаралым саны: 1226

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz