A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу"

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына берiледi;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хаттың көшiрмесiне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi не жоғары тұрған мемлекеттiк орган өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

 

Жүктеу (HTML 5 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2017 12:28
Қаралым саны: 1646

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Cатпаева, 1б

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz