A- A A+
Ақмола облысының
жер қатынастары басқармасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ

Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.

2) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;

3) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бiрыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйенi) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң кадр құрамының жай-күйiне, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарына мониторинг жүргiзедi;

4) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiн қалыптастырады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметiне кiретiн азаматтарды тесттен өткiзу тәртiбiн, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды айқындайды;

6) осы Заңға сәйкес мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн, сондай-ақ актiлердi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

7) министрлiктер мен орталық мемлекеттiк органдардың жауапты хатшыларының және аппарат басшыларының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн айқындайтын актiлердi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

7-1) мемлекеттiк қызметшiлердi халықаралық және басқа ұйымдарға iссапармен жiберу тәртiбiн әзiрлейдi;

7-2) лауазымдық жалақы белгiлеуге құқық беретiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс өтiлiн есептеу тәртiбiн әзiрлейдi;

7-3) "А" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi үшiн мансаптық жоспарлау тәртiбiн әзiрлейдi;

7-4) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызметтiң жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әрi қарай Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;

8) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, оның iшiнде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;

9) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестiредi;

10) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептi сақтауын, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

11) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн айқындайды;

12) кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуi бөлiгiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындауды келiседi;

13) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң лауазымдық нұсқаулығын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;

14) персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;

15) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрдағы iс қағаздарын жүргiзу құжаттарының үлгiлiк нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

16) осы Заңды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзедi;

17) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша тексеру нәтижелерiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыретi шегiнде қаралуы мiндеттi ұсынулар енгiзедi;

18) мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;

19) мемлекеттiк органдарда персоналды басқару тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;

20) персоналды басқару қызметтерiнiң (кадр қызметтерiнiң) жұмысына әдiснамалық басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;

21) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтiк әдептi сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;

22) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тағылымдамадан өтуiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1) мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;

2) тәртiптiк, конкурстық және кадр мәселелерi жөнiндегi өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастырады;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмысын бағалауды жүргiзу, конкурстық iрiктеу, мемлекеттiк қызметшiлердi қызмет бабында iлгерiлету, қызметтiк тергеп-тексеру, мемлекеттiк қызметшiлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту, мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтен шығару рәсiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) кадрлар iрiктеудi ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi өткеруiне байланысты құжаттарды ресiмдейдi, мемлекеттiк қызметшiлердiң дербес деректерiн, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелерi туралы мәлiметтердi, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бiрыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады;

5) мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз етедi;

6) мемлекеттiк қызметшiлердiң тағылымдамадан өтуiн, тәлiм алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды белгiленген мерзiмдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеудi қолдану тәртiбiн әзiрлейдi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде персоналды басқарудың бiрыңғай қызметiн (кадр қызметiн) құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткiзген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

3) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және тиiмдi жұмыс iстеу үшiн қажеттi еңбек жағдайларына;

4) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

5) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;

7) басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттiк лауазымға сәйкес мiндеттердi және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап берудi талап етуге;

8) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;

9) өзi атқаратын мемлекеттiк лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;

10) тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;

11) мемлекеттiк орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жiберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттiк лауазымының) сақталуына;

12) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;

13) бiлiктiлiгi, құзыреттерi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, мемлекеттiк қызмет бабында iлгерiлетiлуге;

14) мемлекеттiк қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексерудi талап етуге;

15) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшiн не мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық үшiн оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;

16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

17) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды белгiленген тәртiппен алуға;

18) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметшiнiң өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;

3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

4) функцияларын өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес жүзеге асыруға;

5) лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде саяси партиялардың, қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң қызметiнен бейтарап және тәуелсiз болуға;

6) қызметтiк тәртiптi сақтауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтауға;

8) қызметтiк әдептi сақтауға;

9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;

10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;

11) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;

13) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткiзуге;

14) лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;

15) өздерiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға жiберген мемлекеттiк органда тiкелей оқу аяқталғаннан кейiн, сондай-ақ уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен және мерзiмдерде мемлекеттiк қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы мiндеттеменi орындамау мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекетке өзiн оқытуға бөлiнген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған мiндеттемелерге бара-бар өтеуiне әкеп соғады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзге де мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

1) мемлекеттiк органның мақсаттарын, тиiстi аумақты дамыту мақсаттарын айқындау;

2) мемлекеттiк саясатты тұжырымдауға, айқындауға және iске асыруға ықпал ететiн шешiмдердi қабылдау;

3) сыртқы саясат қызметi саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң басшыларымен өзара iс-қимыл жасау;

4) Қазақстан Республикасының Парламентiнде және басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк орган атынан өкiлдiк ету;

5) мемлекеттiк, үкiметтiк бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау;

6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функциялар.

1) мемлекеттiк органға жүктелген мақсаттарды iске асыруды ұйымдастыру;

2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау;

3) мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiту;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк органның "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн мемлекеттiк лауазымдарға тағайындау және мемлекеттiк лауазымдардан босату;

5) мемлекеттiк органның тәртiптiк және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

6) қызметтiк тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

7) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерiн iссапарға жiберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерiн шешу;

8) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауаптылығы мәселелерiн шешу;

9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

10) мемлекеттiк органның мемлекеттiк саяси қызметшiлерi қабылдаған шешiмдердiң орындалу барысын бақылау;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде жүктелген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

1) өкiлдi органның депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетiн қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкiлеттiктерiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тiкелей бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетiлетiн қызметтерiн жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерiн, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлер тұрғын-жайларын мүлiктiк жалдауға беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕ КIРУ

1. Азаматтардың мемлекеттiк саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президентi осы баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды кадр резервiне iрiктеу жүргiзбестен және уәкiлеттi комиссияның шешiмiнсiз, оларға тағайындау өзiмен жүзеге асырылатын "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындауға құқылы.

Белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына уәкiлеттi комиссияның келiсiмiмен конкурс өткiзiлместен орналаса алады.

Осы бапта халықаралық қызметшiлер деп қызметiн халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшiлер болып мойындалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын азаматтары танылады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi).

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкiлеттiк мерзiмдерi айқындалған мемлекеттiк саяси лауазымдарға қолданылмайды.

Зейнеткерлiк жасқа жеткен адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттiк саяси лауазымға тек Қазақстан Республикасының Президентi ғана тағайындауы мүмкiн.

Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үмiткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

РҚАО-ның ескертпесi!

2-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгiзiледi — ҚР 23.11.2015 № 416-V Заңымен.

2. Құқық қорғау органдарының бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiндердi қоспағанда, құқық қорғау қызметiне алғаш рет кiретiн азаматтар құқық қорғау органдарымен келiсу бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерде олардың жеке қасиеттерiн бағалауды қоса алғанда, уәкiлеттi органда тесттен өтедi.

1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi мемлекеттiк лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгiленбесе, он сегiз жасқа дейiнгi;

2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;

3) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

4) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттiк лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негiзiнде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;

5) өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкiн әрекеттердi болғызбау мақсатында өзiне осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық үшiн қызметтен шығарылған азамат мемлекеттiк қызметке жiберiлмейдi;

7) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

9) мемлекеттiк қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшiн соттың айыптау үкiмi шығарылған немесе қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшiн өзiне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде босатылған;

10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

11) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексi 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде босатылған;

12) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;

13) қылмыстық топтың құрамындағы қылмыс туралы өзiне қатысты қылмыстық iстi қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнiң мерзiмi өткенге дейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгi 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негiзiнде тоқтатқан;

14) құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттiк органдардан және соттардан, әскери қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған азаматты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.

РҚАО-ның ескертпесi!

7-тармақтың екiншi абзацының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн ҚР 23.11.2015 № 416-V Заңының 68-бабынан қараңыз.

Мемлекеттiк лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) жұмысқа қабылдау туралы актiсi шыққанға дейiн азамат персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) кiрiстерi және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган), егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органмен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсу бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарының негiзiнде бекiтедi.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

Бұл шектеулердi персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) мемлекеттiк қызметке қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жазбаша нысанда тiркейдi.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi қабылдамау мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.

Арнайы тексерудi жүргiзу мерзiмi үш айға дейiнгi уақытты құрайды.

Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

Арнайы тексерудi жүргiзу кезеңiнде бұл азаматтарға мемлекеттiк қызметшiлердiң мiндеттерi мен жауаптылығы, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер бөлiгiнде осы Заңның ережелерi қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.

Жұмысқа қабылдау мемлекеттiк органның актiсiмен ресiмделедi.

Мемлекеттiк саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне кiрген мемлекеттiк қызметшiлер үшiн сынақ мерзiмi белгiленбейдi.

Құқық қорғау органдарына қызметке кiрген мемлекеттiк қызметшiлер үшiн сынақ мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

Сынақ мерзiмiнiң нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзiмi мемлекеттiк лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкiлеттiк берген лауазымды адамның шешiмi бойынша кейiннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiн сынақ мерзiмiнiң нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.

1) мемлекеттiк қызметке алғаш рет кiрген мемлекеттiк қызметшiлер;

2) мемлекеттiк қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кiрген мемлекеттiк қызметшiлер қабылдайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң ант беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне iрiктеудi уәкiлеттi комиссия Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған азаматтарды "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкiлеттiк берген лауазымды адам "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына конкурс өткiзбестен тағайындай алады.

Конкурсты осы мемлекеттiк лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкiлеттiк берген лауазымды адам жүзеге асырады.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен өткiзiледi.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiмен еңбек шартын мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкiлеттiк берген лауазымды адам (орган) жасайды.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiмен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

"А" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi үшiн мансаптық жоспар құрылады.

А" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi үшiн мансаптық жоспарлау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Ескерту. 4-тарау 24-1-баппен толықтырылды — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1) мемлекеттiк лауазымды "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiнде тұрған адам конкурстық iрiктеу негiзiнде алмастырады;

2) мемлекеттiк лауазымды алмастыру мерзiмiн уәкiлеттi комиссия белгiлейдi;

3) осы мемлекеттiк лауазымды атқаратын мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк лауазым осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алмастырылғанға дейiн осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн жұмысын жалғастыруға құқылы.

Мемлекеттiк қызметшi жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда қызметтен шығарылуға тиiс. Бұл ретте мемлекеттiк орган кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар мемлекеттiк қызметшiге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейдi.

1) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тесттен өту;

2) уәкiлеттi органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерiн бағалату;

3) "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

1) азаматтар арасындағы жалпы конкурс;

2) мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы iшкi конкурс.

1) конкурс өткiзу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардан құжаттар қабылдау;

3) мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясын не бiрыңғай конкурстық комиссияны құру;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тұрғысынан қарау;

5) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

6) мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

Конкурс өткiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi басылымдарда жариялауға жол берiледi.

Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда хабарландырулар өзi соның құрылымында тұрған мемлекеттiк органның интернет-ресурсында да орналастырылады.

Осы Заңның 29-бабында көзделген iшкi конкурс өткiзу жөнiндегi талаптардың сақталмауы жалпы конкурс өткiзуден бас тартуға негiз болып табылады. Келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Тест нәтижелерiне шағым жасау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық кеңестер, үкiметтiк емес ұйымдар жұмысына қатысқанын, волонтерлiк, қайырымдылық қызметтi жүзеге асырғанын ескередi.

Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) немесе бiрыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда iшкi конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшiн құрылған мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында өткiзiледi.

"Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу үшiн iшкi конкурс өткiзiлмейдi.

Аталған адамдардың мемлекеттiк органның, аумақтық бөлiмшелерiн қоса алғанда, оның ведомствосының iшiнде одан кейiнгi ауысуларына жол берiлмейдi.

"Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына конкурс өткiзiлмей, ауысу тәртiбiмен орналасу Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.

Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi ауысудың шарты болып табылады.

Мұндай жағдайларда осы адамға мiндеттi арнайы тексеруден өту туралы, сынақ мерзiмiн белгiлеу туралы және кiрiстерi мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлкi туралы декларацияны өзiнiң бұрынғы жұмыс орны бойынша тапсырған жағдайда оны ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.

Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қызметтiк куәлiктi беру тәртiбiн, оның сипаттамасын мемлекеттiк орган бекiтедi.

Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам бекiтедi және олардың орындалуы мемлекеттiк лауазымға жүктелетiн нақты функциялар тiзбесiн қамтиды.

Лауазымдық нұсқаулықтарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттiк қызметшiге демалыс күндерi (сағаттары) берiледi немесе жұмысына мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiне сәйкес өтемақы төленедi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалауды жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын бағалаудың нәтижелерi бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттiк лауазымын төмендету не қызметтен шығару жөнiндегi шешiмдердi қабылдауға негiз болып табылады.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiнiң қанағаттанарлықсыз бағасы уәкiлеттi комиссиямен келiсу бойынша онымен жасалған еңбек шартын бұзуға негiз болып табылады.

Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi орган бекiткен үлгiлiк әдiстеменiң негiзiнде "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi.

Төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болмаған кезде мемлекеттiк қызметшiге басқа бос мемлекеттiк лауазым ұсынылады.

Бос мемлекеттiк лауазым болмаған немесе мемлекеттiк қызметшi ұсынылған мемлекеттiк лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттiк қызметшi атқаратын мемлекеттiк лауазымынан шығарылады.

Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау — жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарлам

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2017 15:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2017 15:16
Қаралым саны: 1763

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі 1 «Б»

8 (7162) 25-34-71

p.priemnaya@akmo.gov.kz