AA

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары

 

Махитов Нұрмұхамед Тоқтамысұлы

телефон: (7162) 25-34-71

e-mail: Nu.makhitov@akmo.gov.kz

 

 

Махитов Нұрмұхамед Тоқтамысұлы, 1982 жылы туған, бiлiмi жоғары, 2004 ж. құқықтану мамандығы бойынша Көкшетау университетiн аяқтады. 2007 ж қаржы мамандығы бойынша Кокшетау экономика және менеджмент институтын бiтiрдi.

Өзiнiң еңбек жолын 2004 жылдың қаңтар айынан бастап «Анэкс» ЖШС заңгер лауазымынан бастады. 2005 жылдың наурыздан бастап 2006 жылдың қарашаға дейiн Ақмола облысының iшкi саясат департаментiнiң әкiмшiлiк бөлiмiнiң бас маман болып жұмыс iстедi.

2006 ж қаңтардан бастап 2007 ж маусым айына дейiн Ақмола облысының қаржы департаментiнде бас маман-заңгер лауазымын атқарды. 2007 ж 2014 ж дейiн Ақмола облысының қаржы басқармасында коммуналдық меншiк объектiлерiнiң сенiмгерлiк басқармасы, мүлiктiк жалға беру, сату бөлiмiнiң басшысы лауазымында қызмет атқарды. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы орынбасарының
негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бағдарламаларды әзiрлеу, баяндаманы дайындау және есептердi құрастыру, жер және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру;

әдiснамалық және оперативтi басшылықты және басқарма бөлiмдерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;

жер қатынастарын реттеу бөлiгiнде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) уәкiл органдарының қызметiн үйлестiру және методикалық басшылық;

жер кадастрын жүргiзетiн орталық және жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындарымен, және жер қатынастары саласындағы басқа мемлекеттiк органдарымен iс-әрекет жасасу;

кадрлармен жұмыс iстеу, мемлекеттiк қызмет көрсетуге бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша шаралар өткiзуге бақылау;

тауар-материалдық құндылықтардың тиiстi есебiн және бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалануын бақылау;

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) деректерi негiзiнде облыс жерiнiң балансын және ағымдағы есептерiн құрастыру бойынша, жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу бойынша шаралар ұйымдастыруды бақылау;

басқарма басшысының атынан барлық мемлекеттiк органдарда және мемлекеттiк емес ұйымдарда басқарма мүдделерiнiң өкiлдiгiн бiлдiру;

басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау.

 

Мақаланы құрған күні 29.08.2018 11:28
Мақаланы жаңартқан күні 29.08.2018 11:28
Қаралым саны: 821
© 2019. Ақмола облысы жер қатынастары басқармасы