Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша Ақмола облысы әкімдігінің қызметі туралы 2016 жылы бойынша есебі

Жүктеу 

1.     Жалпы ережелер

1)    Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі-қарай -Басқарма), Қазақстан Республикасының құзыретіне сәйкес жер қатынастары саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (әрі-қарай -Басқарма), Көкшетау қ. Сатпаева көшесі, 1 «Б» үй мекен-жайында орналасқан, тел.25-34-71, сайт uzo.akmol.kz, e-mail:land@akmo.kz.

Басқарманың басшысы Қадралина Алмагүл Аманжолқызы.

2)    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Бүгінгі күнде жер қатынастары бойынша облыстық және аудандық атқарушы органдарымен, ауылдық округтерінің және кенттердің әкімдерімен көрсетілетін жер қатынастары саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметер Стандарттар мен Регламенттердің жалпы саны 8 дана.      

Оның ішінде облыстық және аудандық деңгейінде көрсетуі 7 қызметтен, 3 мемлекеттік қызметі ауылдық округтерінің және кенттердің әкімдерімен көрсетуге жатады.  

8 мемлекеттік қызметтерінің 5 қызметі альтернативтік негізінде электрондық нысанында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуіне жатады.   (1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», 2. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту», 3. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру», 4.  «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын  түріне ауыстыруға рұқсат беру», 5. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру». )

 Альтернативтік негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КеАҚ арқылы 5 мелекеттік қызметі көрсетіледі.

 Тек екі мемлекеттік қызметі қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы алтернативтік мүмкіндігінсіз көрсетіледі ("Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру", «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»). 

 Бір мелекеттік қызмет өтеулі негізінде көрсетілуіне жатады («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».).

 Қағаз нысанында мелекеттік қызметтердің саны ө 3 дана, қағаз және электрондық - 5.

3)  Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

 Облыс деңгейде көрсетілетін мелекеттік қызметтердің 7 түрінен,  барынша талап ететін тек бір түрі бар.   Ол-  «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру».  Жер қатынастары саласындағы мелекеттік қызметтердің қалған түрлері аудандық деңгейінде және ауылдық округтері әкімдерімен көрсетіледі.   

Басқармамен осы турі бойынша 9 қызмет көрсетілді.   Осы мелекеттік қызметтінен 5 бас тарту шығарылды.   Ақпаратша: 2015 жылы 7 қызмет көрсетілді.


      2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

 Мелекеттік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес мелекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша ақпаратты uzo.akmol.kz интернетөресурсында,  және Басқарманың жеке қабылдауында алуға болады. 

2)       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мелекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартарын әзірлеуі Басқарманың құзыретіне жатпайды. 

3)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

         2016 жылы мемлекеттік қызметтер саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған келесі жұмыс атқарылды. 

          Осылайша, 27.01.2016 ж. мемлекеттік қызметтері мәселесі, жер заңнамасының өзгерістері бойынша аудандық жер қатынастары басшыларымен   жиналысы өткізілді.

         30.03.2016 ж. - мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әрекеті бойынша есептеме көпшілік талқылауы өткізілді. 

         2016 ж. 12.05 Басқарма басшысының орынбасары  Махитов Н. Т.  мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процесстерінің реинжинирингі бойынша Қостанай қ. жиналыс-кеңесіне қатысты.  

         03.06.2016 ж. - Басқармамен  жаңа мемлекеттік қызметті енгізу мәселесі және 02.11.2015 ж ҚР Заңына сәйкес жана мараторийдің күші бойынша семнар-жиналыс өткізілді.

         19.08.2016 ж. Басқармамен  аудандарының, Көкшетау және Степнорск қалаларының жер қатынастары бөлімдері басшыларымен және қызметтерімен  жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілітін қызметтерді тұсіндіру мәселесі бойынша  семинар-жиналыс өткізілді.  

         07.10.2016 ж. - Басқарманың басшысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілген  «Жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары - сыбайлас жемқорлыққа кепілдік азайту» дөңгелек үстелге қатысты.

         13.10.2016 ж. - Басқарма басшысының орынбасарымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың әлеуметтік хал-жайына әсер ететін туындайтын сұрақтар, мәселелер» сұрағы бойынша АОФ НДП "Нур Отан» кезекті аймақтық комиссия отырысының жұмысына қатысты.

         14.10. 2016 ж.- Басқармамен аудандық, қалалық жер қатынастары бойынша уәкілетті органдарымен жер қатынастары саласындағы сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету өзекті мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

          25.10.2016 ж. Басқарма басшысының орынбасары мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тұтынушылар құқықтары туралы мемлекеттік қызмет көрсету  саласында қабылданған халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар  туралы  азаматтарды ақпараттану деңгейін арттыру сұрағы бойынша брифингте «Қазақстан» аймақтық телеарнасында тікелей эфирде сөз сөйледі. 

         Басқармамен 2016ж. 3 қарашада Есіл қаласында жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша Атбасар, Жақсы, Жарқайы, Есіл аудандарының уәкілетті органдарымен біріккен жиналыс өткізілді. Кұн тәртібінде мәселелердің бірі «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жоспар көрсіткіштеріне жету»  деп көзделген

         04.11.2016ж. - «Мемлекеттік көрсету қызметтеріне халықтың қанағаттандыру деңгейін арттыру» мәселесіне  «Көкшетау» МС бірлескен жиналысында басшының қатысуы.  

         12.12.201жг. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының АОФ жанындағы комиссиясының отырысына қатысты, онда Басқарма «мелекетті қызметтерді көрсетудің  оңтайландыру мәселелері» баяндамамен сөз сөйледі.  

          2016 жылы Мемлекеттік корпорацияларды құруына байланысты Басқармамен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер Регламенттерді қолданыстағы заңнамаға сәкестендіру бойынша қажетті шаралар қолданды.   

         Осылайша, Ақмола облысының әкімдігінің  2015 жылғы  15 қыркүйектегі  А-9/434 және № А-9/435 қаулыларымен бекітілген мемлекеттік қызметттер Регламентеріне  Ақмола облысының әкімдігінің  2016 жылғы  13 мамырдағы №А-6/215 және № А-6/216 қаулыларымен сәйкес өзгерістер енгізілді.  

          Халықты ақпараттандыру мақсатында  Басқарманың ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Заңнамадағы өзгерістер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті бекітілген», «Мемлекеттік меншікте болатын сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді қажет етпейтін  жер учаскелеріне құқықтар алу» мақалалары жарияланды.  

   Басқармамен 10.11.2016 ж. №135 «Акмолинская правда» газетінде  «Мемлекеттік меншікте болатын сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді қажет етпейтін  жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі тұсіндірілген «Без торга и аукционов» мақаласы жарияланды.  
      3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1)       Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2016 жылы «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Стандарты күшіне енді (2016 жылғы 30 нарурызында № 151 бекітілді.

Осы қызметтің көрсету мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, аталған мерзімге жерге орналастыру жобасын әзірлеу мерзімі кірмейді.

 Мерзім өтініштін түсу кунінен екі айды құрайтын ҚР Жер кодексінің 43-бабымен белгіленген жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қарастыру жалпы мерзімінен  әлде қайда аз деп атап кету қажет.

 Бекітілген Стандартта тек үш құжаттың беруі қарастырылған: өтініш, жеке куәлігі, жер учаскесінің орналасу схемалары. 

 Осылайша, Стандарттарды қабылау кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудін  мерзімдері әлде қайда қысқартылды, және де құжаттар тізбесі шағын болып табылады. 

2)       Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру мақсатында, Басқарманың қызметкерлері қайта дайындау бойынша шараларға тұрақты қатысады. Есепті айда құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы 2016 жылғы 10-14 қазан аралығында "Мемлекеттік қызметтердің сапасымен Басқару" Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру Аймақтық орталығында біліктілігін жетілдірді.

3)       Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Басқармамен мемлекеттік қызметтерді көрсету заңнамасын жетілдіру бойынша жүйелі негізінде ұсыныстар енгізіледі.  Осылайша, ҚР ҰЭМ 20.11.2014 жылғы № 98 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің Тізіліміне «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін ұсыну туралы  өтініштерді арнайы есепке алу»  қосымша мемлкеттік қызметімен толықтыру туралы ұсыныс енгізген болатын.  

Облыс әкімдігінің атына 07.07.2016 жылғы №05-11/1457 хатымен  «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету барысында туынданған проблемалары туралы ақпарат және олардың шешу жолдары  жолданған. 

12.12.201жг. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының АОФ жанындағы комиссиясының отырысына қатысты, онда Басқарма «мемлекеттік қызметтерді көрсетудің  оңтайландыру мәселелері» баяндамамен сөз сөйледі және  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мелекеттік қызметтерді жетілдіру қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізілді.  


      4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2016 жылда Басқарманың мекен-жайына қызмет алушылардан қызмет көрсетудің сапасына шағымдар түскен жоқ.

2)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.      Басқарманың қызметінде бұзушылықтарды ішкі бақылау өткізумен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша анықталмаған 

3)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.       

«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-де (бұдан әрі- Басқарма)  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша кезеннен тыс қадағалау шаралар өткізілді. 

30 қарашасы 2016ж.  тексерудің аяқталуы нәтижелері туралы   актісіне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасынның бұзылуы  анықталған жоқ.  

4)    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы қоғамдық мониторингінің нәтижесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдарының рейтингісінде  Ақмола облысы 87,4 %  қанағаттандыру деңгейімен 2 орын алды.  

Қоғамдық мониторинг  50 бекітілген мемлекеттік қызметтер бойынша өткзілді, оның ішінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметіне.  Осы мемлекеттік қызметінің сапасымен қанағаттандыруының жоғары  деңгейі белгіленді -  мумкін болған 5 баллдан 4,64 балл.  

 

      5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Басқармамен үнемі негізінде мемлекеттік қызметтердің процесстерін жетілдіру бойынша сапасын ішкі қадағалау, семинарлармен брифингтерде қатысу, құқықтық түсіндіру жумыстарын өткізу, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы  заңнамасын  жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жолымен шаралар қолданылады. 

2017 жылы Басқармамен  облыс аймақтарында халыққа  қолданыстағы жер заңнамасын түсіндіру бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы бірлескен семинар-жиналыстарды өткізу жоспарланған.