Ақмола облысы

әкімдігінің 2016 жылғы  «___»________қаулысына

4-қосымша

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2015  жылғы  15  қыркүйектегі      

№ А-9/435 қаулысымен

бекітілді 

 

 

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға

рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1.                «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1)    көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2)                «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы);

         3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі - рұқсат).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде. 

 

 

2.                Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

         4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы         № 272  бұйрығымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимыл) бастау үшін негіз болып табылады.   

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің  (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

          1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ЕЛ МДБ АЖ) тіркеуді іске асырады және басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 15 минут; 

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және құзыреттілігі бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті органның басшысы) орындау үшін жолдайды - 1 сағат;

3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды - 1 сағат;

ұсынылған   құжаттардың   толық   болмау   фактісі  анықталған  жағдайда:

4)                уәкілетті    органның    жауапты    орындаушысы    өтінішті    бұдан    әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 1 жұмыс күні;    

5)                уәкілетті  органның  басшысы  өтінішті   бұдан  әрі  қараудан   бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 сағат;

Стандарттың   9-тармағында   қарастырылған  талаптарға  құжаттар  сәйкес келген жағдайда:                                                                                           

6)                уәкілетті   органның    жауапты    орындаушысы    рұқсаттың    жобасын дайындайды - 3 жұмыс күні;         

7)                уәкілетті    органның    басшысы   рұқсаттың   жобасын    қарайды   және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды - 1 сағат;

8)   көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты қарайды және қол қояды - 5 жұмыс күні;         

9)   көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері:

рұқсатты ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады - 15 минут;        рұқсатты кағаз тасығышта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген жағдайда, ЕЛ МДБ АЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті беруші  басшысының қолы қойылады - 1 сағат.

6.  Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын

мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:                      

          1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) құжаттарды қарау және оларды орындау үшін жолдау;

3) жауапты орындаушыны анықтау;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;

5) өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

6)    рұқсаттың жобасын дайындау;

7)    рұқсаттың жобасын қол қою үшін жолдау;

8)    рұқсатқа қол қою;

9)    рұқсатты беру.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті  берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) уәкілетті органның басшысы;

4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің                    (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:

          1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды, оларды ЕЛ МДБ АЖ арқылы тіркеуді іске асырады және басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 15 минут; 

2)    көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды,

құзыреттілігі бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына орындау үшін жолдайды - 1 сағат;

3)    уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты

орындаушыны анықтайды - 1 сағат;

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда:

4)    уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтінішті бұдан әрі

қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 1 жұмыс күні;    

5)    уәкілетті органның басшысы өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту

туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 сағат;

Стандарттың  9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес

келген жағдайда:                                                                                           

6)    уәкілетті органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын

дайындайды - 3 жұмыс күні;         

7)    уәкілетті органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және қол

қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды - 1 сағат;

8)     көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты қарайды және

қол қояды - 5  жұмыс күні;

9)   көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері:

         рұқсатты  ЕЛ МДБ АЖ арқылы ұсынады - 15 минут;

рұқсатты қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген жағдайда ЕЛ МДБ АЖ арқылы ЭЦҚ құжатқа қол қойылады, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші  басшысының  қолымен куәландырылады - 1 сағат.

 

 

4. Мемлекеттік корпорациямен  және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,  сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);

4) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

порталға:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;

2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;

3) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық растау құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады;

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

Көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

порталға - «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеудің ұзақтығы:

1-процесс - Мемлекеттік корпорациясына инспекторы  ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның  инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2-процесс  - осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері  (іс-қимылдары);

3-процесс - Мемлекеттік корпорацияның инспекторы  тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтің дайын болған нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді;

Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің өтініш білдіру тәртібімен рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау:

көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен  Порталда тіркеуді іске асырады;

1-процесс - қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін Порталға енгізу процесі (авторизация процесі).           1-шарт - Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;

 2-процесс - Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрінде қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электронды түрде сұраныстың нысанына тіркеу, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы. 2-шарт - Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің  сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұраныс салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5-процесс - осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері  (іс-қимылдары);

6-процесс - көрсетілетін қызметті алушымен ЕЛ МДБ АЖ-сі қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

         Мемлекеттік қызметті көрсету процеcінде көрсетілетін қызметті  берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процеcінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 1-қосымша    

 

 

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы


 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Портал - «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы;

ЕЛ МБД АЖ - «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі.

 

 

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 2-қосымша    

 

 

 «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету

бизнес-процестерінің анықтамалығы


- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушының рәсімі (әрекеті)  және (немесе) ҚФБ;

- келесі рәсімге (әрекетке) ауысу;         

  - таңдау нұсқасы.