«Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсыну, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимыл) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады және басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және құзыреттілігі бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті органның басшысы) орындау үшін жолдайды - 1 сағат;
      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды - 1 сағат;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда:
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 1 жұмыс күні;
      5) уәкілетті органның басшысы өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 сағат;
      Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:
      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы материалдарды орталық уәкілетті органға жолдайды - 1 күнтізбелік күн;
      7) орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарға келісім береді және пысықталған қорытынды шығарады - 15 күнтізбелік күн;
      8) уәкілетті органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын дайындайды - 10 күнтізбелік күні;
      9) уәкілетті органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды - 1 сағат;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты қарайды және оған қол қояды - 1 сағат;
      11) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты береді - 15 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) құжаттарды қарау және оларды орындау үшін жолдау;
      3) жауапты орындаушыны анықтау;
      4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
      5) өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
      6) орталық уәкілетті органға материалдарды жолдау;
      7) ұсынылған материалдарға келісім беру және пысықталған қорытынды шығару;
      8) рұқсаттың жобасын дайындау;
      9) рұқсаттың жобасын қол қою үшін жолдау;
      10) рұқсатқа қол қою;
      11) рұқсатты беру.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) уәкілетті органның басшысы;
      4) орталық уәкілетті орган;
      5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді іске асырады және басшыға бұрыштама қою үшін жолдайды - 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және құзыреті бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысына орындау үшін жолдайды - 1 сағат;
      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды - 1 сағат;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда:
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды - 1 жұмыс күні;
      5) уәкілетті органның басшысы өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды - 1 сағат;
      Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға құжаттар сәйкес келген жағдайда:
      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы материалдарды орталық уәкілетті органға жолдайды - 1 күнтізбелік күні;
      7) орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарға келісім береді және пысықталған қорытынды шығарады - 15 күнтізбелік күні;
      8) уәкілетті органның жауапты орындаушысы рұқсаттың жобасын дайындайды - 10 күнтізбелік күні;
      9) уәкілетті органның басшысы рұқсаттың жобасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды - 1 сағат;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты қарайды және оған қол қояды - 1 сағат;
      11) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты береді - 15 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің өтініш білдіру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;
      1-процесс - қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін Порталға енгізу процесі (авторизация процесі). 1-шарт - Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      2-процесс - Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрінде қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электронды түрде сұраныстың нысанына тіркеу, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтанбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы. 2-шарт - Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);
      4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұраныс салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5-процесс - осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушымен Портал қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ пайдаланумен бірге қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процеcінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процеcінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.